1990 жылдың 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, Қазақстанда жыл сайын дәл осы күні тойланатын еліміздің мемлекеттік мерекесі Республика күні болып есептеледі. Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
Осы айтулы оқиғаға байланысты, сондай-ақ белгілі еңбек нәтижелеріне қол жеткізуге материалдық қызығушылықты қамтамасыз етуге бағытталған қызметкерлерді ынталандыруды арттыру мақсатында «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС барлық жұмысшыларына жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлықпен марапаттады.