Логотип Актобе нефтепереработка

Мұнай өнімдерін құю және ағызу жүйелерін қайта құру және жаңғырту

            2024 жылдың желтоқсан айында «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС жұмыс істеп тұрған құю-ағызу эстакадасында жоғарғы құю схемасын түбегейлі қайта құру жүргізілді. Бұл жаңғыртылған УНЖ6 – 100АС-01 құрылғыларын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, бұрынғы уақытпен салыстырғанда, теміржол цистерналарын (М-100 мазуты) құю уақыты шамамен екі есе қысқартылды. Осы өзгерістер ағымдағы жөнелту өнімділігін арттыруға және өндірістің рентабельділігіне оң әсер етеді.

           Сондай-ақ, бір уақытта үш автоцистернаны қабылдап/ағызуға арналған жаңа шикі мұнайды автоцистерналардан ағызу торабы енгізілді. Бұл торапта, сонымен қатар, тұтқырлығы жоғары дайындалған көмірсутектерді ағызу мүмкіндігі де қарастырылған. 

Серіктестік зауытты жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Заказать обратный звонок

Нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз.

Осы бетті бөлісіңіз

Хабар жіберу

Нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз.

Ақтөбе мұнай өңдеу

Ақтөбе қаласы
Сазды с/а, 401 телім