Ақтөбе облысы бойынша экология Департаментінің ұйымдастырумен, ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні «Бірге Таза Қазақстан» Республикалық, экологиялық акциясы аясында "Таза жағалау" акциясы өтті. Акцияға «Ақтөбе мұнай өңдеу» зауытының жұмысшылары белсеңді қатысты. Акция барысында Ақтөбе қаласы Елек өзенінің жағалауы қалдықтардан тазартылды. Іс-шара барысында 20 тн. астам түрлі қоқыстар жиналып, қалалық, полигонға жөнелтілді.