2024 жылғы 03 сәуірінен бастап, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС 2024 жылына жоспарланған, жоспарлы-алдын алу жөндеу жүмыстарына кірісті, соның ішінде ЭЛОУ АТ-2 мұнайдың атмосферлік дистиляциалау қондырғысында құрылыстық жөндеу басталды. Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстар мерзімі 30 күнтізбелік күндерге жоспарланған.